Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 30.03.2026 жылғы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 30.03.2026 жылғы хатын негізге ала отырып ХАБАРЛАЙМЫЗ!.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша құжаттарды қабылдаудың пилоттық жобасын іске қосу жөніндегі бірлескен бұйрық жобасы әзірленуде.
Осыған байланысты, аталған бірлескен бұйрық жобасын назарға ала отырып, барлық ата-аналарға келесі ақпаратты жеткізу қажет:
✓ 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың
27 мамырдан 31 тамызына дейін жүзеге асырылады. Оның ішінде Жамбыл облысының құжаттарды қабылдау кестесі 10 маусым – 31 тамыз аралығы деп белгіленген.
✓ Мектепте мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады;
✓ баланы басқа білім беру ұйымына орналастыруға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Медициналық тексеру нәтижелері 1 жылға жарайтынын ескертеміз!
