№8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебінде «Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрлер күні» аясында тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Кеш күмбірлеген күймен ашылып, домбыраның әсем үні көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі мен ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Қолөнер мен тағамдардың жасалу жолдары заманауи тәсілмен, QR-код арқылы ұсынылып, келушілерге олардың дайындалу барысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты сахналық көріністер қойып, олардың тәрбиелік мәнін әсерлі жеткізе білді.
Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық мәдениетке деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етеді.