Іс-шара барысында Сүгірбай Байтіковтің өмір жолы, ұстаздық және ғылыми қызметі таныстырылып, тұлғаның өнегелі жолы насихатталды. Салтанатты шараға мектеп ұжымы, ардагер ұстаздар, қадірлі қонақтар және Сүгірбай Байтіковтің ұрпақтары қатысты.
Әдістемелік кабинет ұстаздардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына, шығармашылық ізденісіне және жас педагогтерге бағыт-бағдар беруге арналған заманауи орта ретінде жабдықталды.
Бұл кабинет – тарих пен бүгінді жалғаған тағылымды мекен болмақ.
Сүгірбай Байтіковтің есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталсын!
#СүгірбайБайтіков
#ӘдістемелікКабинет
#ҰстазӨнегесі