Ұстаздар күніне орай мектептің Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлағатты есім» тақырыбында ұстаздар күніне арналған құттықтау концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламаның мақсаты – ұстаздарға деген құрмет пен алғыс сезімін білдіру, олардың еңбегін дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұстаз мәртебесін арттыру.
Бағдарлама барысында ұстаздарға арналған әндер шырқалып, әсерлі өлеңдер оқылды, би қойылымдары мен музыкалық композициялар орындалды. Оқушылар ұстаздарға жүрекжарды тілектерін айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Құттықтау концерті мазмұнды әрі әсерлі өтіп, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше қуаныш сыйлады.