№8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық және рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс барысында оқушылардың тәртібі, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері назарға алынды.
Жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, жауапкершілік, тәртіп және қауіпсіздік туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсатымыз – балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдерге қолайлы орта қалыптастыру.
