2026 жылғы 21 қазан күні С.Байтіков
атындағы №8 мектебінде
бракераждық комиссия мүшелерінің
қатысуымен мектеп асханасындағы
тамақтандыру сапасына кезекті
мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында асхананың
санитариялық-гигиеналық жағдайы,
азық-түлік өнімдерінің сапасы, дайын
тағамдардың қауіпсіздігі, бекітілген
ас мәзірінің орындалуы және білім
алушыларды тегін ыстық тамақпен қамту
жұмыстары қарастырылды.
Сонымен қатар дайын тағамдардың
тұтынылу деңгейін анықтау мақсатында
жарамсыздық индексін есептеу
жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері
оң бағаланып, тағам қалдықтарының
мөлшері мен тамақтандыру сапасы
зерделенді.
Бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты
білім алушылардың қауіпсіз әрі
сапалы тамақтануын қамтамасыз ету,
санитарлық талаптардың сақталуын бақылау және мектеп асханасының жұмысын жетілдіру.